«Алға, Қазақстан!»: Елена Рыбакина жанкүйерлеріне алғыс айтты

Жаңалықтар
view 91
news

Фото: ҚТФ

Еліміздің үздік 1-теннисшісі, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Қазақстан тарапынан болатын қолдаудың маңыздылығын атап өтті, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA маусымдық финалдық турнирінде тарихи жеңіске жеткеннен кейін қазақстандық теннисші жанкүйерлеріне жылы лебізін білдірді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде үздік атанды

Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады

Қымбатты достар, менің сүйікті жанкүйерлерім! Баршаңызға ерекше алғыс айтамын — трибунада, экран алдында, хабарламалар мен жылы тілектеріңіз арқылы білдірген қолдауларыңыз үшін рахмет. Мен Қазақстан атынан өнер көрсеткеніме және сіздерге қуаныш пен жеңіс сыйлағаныма мақтанамын. Әсіресе, барған сайын көбірек балалардың теннис ракеткасын қолға алғанын көргенде қатты қуанамын.

Егер менің ойыным сіздерді арманға жетелеп, еңбектенуге және өз-өзіне сенуге шабыттандырса бұл менің ең үлкен жеңісім. Алдымда қысқа демалыс және жаңа дайындық күтіп тұр. Әрдайым менімен бірге болғандарыңыз үшін рахмет жеңісте де, қиын сәттерде де. Сіздердің сенімдеріңіз менің тірегім. Кортта кездескенше! Алға, Қазақстан! деп жазды Рыбакина әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина – Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші, ол әрі Үлкен дулыға турнирінің әрі WTA финалдық турнирінің жекелей сында жеңімпазы атанған спортшы.

Бұған дейін Рыбакинаға тарихи жеңісі үшін ерекше сыйлық табыс етілген болатын. Сонымен қатар ол әлемдік рейтингте жоғарылап, үздік бес теннисшінің қатарына енді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Рыбакина WTA ұйымының бас директорымен суретке түсуден бас тартты (ВИДЕО)

«Бизнес оңай болмай тұр, Елена»: Рыбакинаның даулы әрекетін бүкіл әлем тақылап жатыр

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *