Тоқаев пен Путин 2,5 сағат емен-жарқын әңгімелескен
Жаңалықтар
94
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бейресми жағдайда кездесу өткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Екі елдің президенттері Мәскеуде кешкі ас ішкен.
Ақорданы мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Кремльде 2,5 сағаттан аса уақыт бейресми жағдайда емен-жарқын әңгімелесті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)