«Бизнес оңай болмай тұр, Елена»: Рыбакинаның даулы әрекетін бүкіл әлем тақылап жатыр

Жаңалықтар
view 102
news

Фото: WTA

Франциялық журналист Бенуа Майлин қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінің финалынан кейін WTA (Әйелдер теннисі қауымдастығы) бас директоры Порше Арчермен суретке түсуден бас тарту шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Рыбакина WTA ұйымының бас директорымен суретке түсуден бас тартты (ВИДЕО)

 

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде үздік атанды

 

Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады

 

Журналист жазбасы

 

Шешуші матчта Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболeнконы ұтып, карьерасында алғаш рет WTA Finals турнирінің чемпионы атанды.

Ох, жағдай ушығайын деп тұр. Рыбакина WTA басшысымен суретке түсуден бас тартты. Айтпақшы, дәл сол басшы оған 5 235 000 доллар көлеміндегі чекті жаңа ғана табыс еткен еді. Бизнес оңай болмай тұр, Елена, – деп жазды Майлин әлеуметтік желіде.

 

Рыбакина – Азия бойынша WTA турнирін ұтқан алғашқы теннисші 

 

Бұған дейін Рыбакинаның хорватиялық бапкері Стефано Вуков тәртіп кодексін бұзғаны үшін белгісіз мерзімге теннис саласындағы қызметінен шеттетілген болатын. Тыйым алынғаннан кейін ол қайтадан қазақстандық теннисшімен жұмысын жалғастырды.

Рыбакина Азия елдерінен WTA қорытынды турнирін жеңіп алған алғашқы теннисші ретінде тарихқа енді. Бұған дейін Азия өкілдерінен қытайлық Ли На (2013) мен Чжэн Циньвэнь (2024) осы беделді жарыстың финалына дейін ғана жеткен еді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *