Динара Сәтжан Қайрат Нұртастың концерті қалай өткенін айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 204
news

Фотосурет: дереккөз

Журналист Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасына Қайрат Нұртастың Алматыдағы Орталық стадионда өткен концертіне қатысты ойын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, Қайрат Нұртас 2015 жылы 30 мың көрермен жинап, халық ықыласына бөленген болатын. Динара Сәтжан таяудағы концертті сол сәтпен салыстырды.

Жылдар өтсе де Қайрат тағы да толық стадион жинады. Көрермен оның барлық хитін жатқа біледі. Қайрат Нұртас – жай ғана әнші емес, өз уақытының дауысы, – деп жазды әріптесіміз.

Оның айтуынша, Алматының Орталық стадионы лық толы болған. Сондай-ақ концерттен бірнеше бейнеролик пен фотосурет жариялады. Ал жазба соңында Қайрат Нұртастың шығармашылығы жылдар өтсе де миллиондаған жанның жүрегінен орын алғанын, әндері қазақ қоғамының мәдени феноменіне айналғанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *