Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін
Фото: ашық дереккөз
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында бокс бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне қозғалған іске пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қырғыз елі Биволдың бұрынғы әйеліне қылмыстық іс қозғады
Биволдың бұрынғы әйеліне Қазақстан полициясы да іс қозғады
Қазақ пен қырғызды қорлаған Биволдың экс-әйелі бұрынғы қайын атасынан таяқ жеді
Журналистер одан Екатерина Биволға қазақстандықтар мен қырғызстандықтарға қатысты жеккөрушілік сипаттағы мәлімдемелерінен кейін қандай шаралар қабылданатынын сұрады.
Ол бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу жалғасып жатыр. Біз Ресей полициясымен байланыстамыз. Егер ол ұсталған жағдайда Бас прокуратура арқылы экстрадициялау мәселесін көтереміз, - деді Санжар Әділов.
БАҚ өкілдері Екатерина Биволдың Ресей азаматы екенін айтып, оны Қазақстанға қалай экстрадициялауға болатынын сұрады.
Ұсталған жағдайда Бас прокуратура оны беру туралы мәселе көтереді, - деді вице-министр.
Биыл қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми растады. Кейін боксшының бұрынғы жұбайына іздеу салынды.
Сонымен қатар Екатерина Биволға Қырғыз Республикасында да іздеу жарияланған. Ол жақта оған қатысты Қылмыстық кодекстің 330-бабы ("Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты қоздыру") бойынша іс қозғалған.
Пікірлер (0)