«Ер адамдар түсінсе екен...»: Мөлдір Мұқанованың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Мен оны Алладан сұрап алдым...»: Қабатовтың тоқалы шұғыл мәлімдеме жасады
«Жаным менің»: Тұрсынбек Қабатовтың жазбасы қызу талқыға түсті
«Бұл өмірде ешкім мінсіз емес»: Қабатовтың тағы бір қызы жанжалға қатысты пікір білдірді
Оның жазуынша, кешегі күйік бүгінде төзімге айналған.
Кез келген нәрсе орнына келеді. Қираған дүние де! Бастапқыдай болмаса да, әйтеуір шала-жансар қалпын ұстайды. Өмір тек өкініштерден тұрмайды. Әр мұңның артында қуаныш бар! Міндетті түрде! Кешегі күйік бүгін төзімге айналды. Кешегі көз жас бүгін даналық! Сондықтан, күліп-ойнап өмір сүре берейік! Соңғы жарты айда “тағдырлас” отбасылардың көптігін көріп, таң қалып жатырмын. Өмірде ештеңеге таң қалуға болмайды, бірақ. Отбасы деген шағын мемлекетті сақтауға МЕНІҢ ТАРИХЫМ әсер етсе екен деймін! - деп жазды Мөлдір Мұқанова.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Отбасымызда әкеммен жақын емес адамдар бар»: Қабатовтың кенже қызы бір құпияның бетін ашты
«Неге басу айтпайсыз?»: Журналист Тұрсынбек Қабатовтың анасына жазба арнады
Қабатовтың әйелі оны көңілдесімен ұстап алған күні 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)
Продюсердің айтуынша, отбасын бұзуға дейін баратын әрекетке ар-ұят тосқауыл болуы керек.
Балалар жыламасын, махаббат құламасын! Ер адамдар менің желіде ашық көрінген сезімдерімді, оқиғамды көріп, үйдегі асыл жарларының күйін түсінсе екен. Әйелге тым көп жауапкершілік іліп қойған қоғам өзгерсе екен. Отбасын бұзуға дейін баратын әрекетке ар-ұят тосқауыл болса екен. Жанұя деген асыл ұғымның алдында жауапкершілікті әр отбасы мүшесі сезінсе екен, – деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Пікірлер (0)