Демеу Жадыраев жартылай финалға өтті
            
            Жаңалықтар
            
                 650
                650
            
        
        Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті.
Жазғы ойындардың ширек финалында Жадыраев әйгілі қырғыз балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жеңді. Есеп - 3:1.
Грек-рим күресінен 77 келі салмақта сынға түсіп жатқан Демеу Жадыраев енді Олимпиаданың ақтық сынына өту үшін бар күшін салады.
Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)