Депутат әскерде борышын өтеген адамдарға жеңілдік беруді ұсынды

Жаңалықтар
view 43
news

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әскерге барып, өз борышын өтеген азаматтарға арнайы жеңілдіктер ұсынылды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Сондай-ақ ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Депутат заңда ұсынылып отырған нормалар жайлы айтты.

Әскерге барып, өз борышын өтеген азаматтарға арнайы жеңілдіктер ұсынылды. Біріншіден, осы санат үшін арнайы квота енгізу ұсынылады. Екіншіден, олар осы квоталар шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы дайындалған емтихандар негізінде түсу мүмкіндігін алады, - деді Аймағамбетов.

Осы азаматтарға жатақханада орын бөлген уақытта басымдық беріледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *