Депутаттар тұрғындармен кездесуде

Редакция таңдауы
view 247
news

Ағымдағы жылдың сәуір айында өткен мемлекет басшысының барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихат төраға-төрайымдарының кездесуінде айтылған тапсырмалары мен маусым айында ұйымдастырылған мәслихаттардың алғашқы форумында «АМANAT» партиясы төрағасының айтқан ұсыныстарына орай, Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары сайлауалды бағдарламасына сәйкес нақты жұмыстар атқаруда. Халықтың арасынан шыққан халық қалаулылары ел-жұртының қамын ойлап, жағдайын жақсартуға талпынуы тиіс. Осы уақытқа дейін Қосшы қаласының депутаттары 20 рет азаматтарды қабылдау жұмысын жүргізді. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үй кешендерінде тұрғындармен 20-ға жуық кездесулер ұйымдастырды. – «Атқарушы органдар мен өзге де тиісті мекемелерге жиыны 53 депутаттық сауал жолданды, жолданған депутаттық сауалдарымыздың 90%-на ресми жауап берілді. Депутаттық сауалдардың нәтижесінде тағы да 3 балалар алаңын салуға және күрделі жөндеуді қажет ететін көпқабатты кейбір тұрғын үйлердегі түйткілді мәселелерді анықтау үшін қаражат бөлінді. Қаламызды электр энергиясымен қамтамасыз ету барысындағы олқылықтарды азайту мақсатында қызмет етуші мекемелермен тиімді келісімге қол жеткіздік», – дейді қалалық мәслихаттың төрағасы Әліхан Қуатбеков Одан бөлек, жергілікті депутаттар елді-мекендегі жол құрылысы сапасын жақсартуды, әлеуметтік нысандардың салыну мерзімінің сақталуын, жылыту маусымына дайындықты жеделдету, кәріз, су жүйелерінің тұрақты, әрі сапалы жұмыс жасауын бақылауға алды. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, тамыз айынан бастап, әр сәрсенбі сайын депутаттық корпус қаламыздағы жеке сектор тұрғындарымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Тұрғындармен бетпе-бет жүздесулер барысында анықталған мәселелерді қала әкімшілігімен, Қоғамдық кеңеспен және қоғам белсенділерімен бірлесіп шешетін боламыз. Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Әліхан Қуатбеков және мәслихат депутаты Д.Райханова «Лесная поляна» шағын ауданында орналасқан №43 үй тұрғындарының шағымы бойынша барып, кездесу өткізді. Кездесуге Қосшы қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Нұрлан Садыров та қатысты. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан электр энергиясы, қоғамдық көлік, балалар ойын алаңының қауіпсіздігі, қоқыс (ҚТҚ), абаттандыру жұмысы, жол жиектерінің сапасыз жасалуы, білім беру, аумақтың жоспары және т.б. сұрақтар қойылды. Тұрғындардың айтуы бойынша МИБ (ОСИ) құру мәселесі кезек күтірмей шешуді қажет етеді. Депутаттар қойылған сауалдарға жауап беріп, қаламызды дамыту үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Бұл – Президент тапсырмасын, «АМАНАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыруда атқарып жатқан жұмыстарымыздың жалғасы болмақ. Әліхан Қуатбеков қала мәслихатының төрағасы, әрі «АМАНАТ» партиясының мүшесі ретінде «БІРЛІК» аллеясын құрып, қала жұртшылығына сыйға тарту туралы идеясын бірауыздан қолдап, жүзеге асыруға атсалысқан мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.

Жанар АХМЕТОВА

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *