Димаш Құдайберген лауазымды қызметке тағайындалды
Жаңалықтар
1372
Сурет: Ашық дереккөзден
Танымал әнші Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысы өтіп жатыр. Съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына ұсынылған 5 адамның ішінде Димаш Құдайберген де бар.
Хатшылық отырысына қатысушылар бес үміткердің кандидатурасын да бірауыздан мақұлдады.
Ізгі ниет елшілерінің тізімі:
Иерусалим Патриархы III Феофил;
Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс;
Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам;
Вьетнам буддистік сангха атқару кеңесі төрағасының орынбасары, бас хатшы Тик Дык Тьен.
Пікірлер (0)