Құрманай Бақтиярқызы Мақпал Жүнісоваға ерекше құрмет көрсетті
Жаңалықтар
218
Сурет: Ашық дереккөзден
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова желіде Құрманай Бақтиярқызымен кездесуінен видео жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Белгілі сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызының той үстінде өнер жұлдызымен амандасып, ерекше құрмет көрсеткенін аңғаруға болады.
Ол Халық әртісіне үлкен гүл шоғын тарту етіп, қолынан сүйген.
Мен үшін жүрегі де, білегі де қыздай Мақпал ханым ғой. Мақтадай әппақ Мақпалым деп тегін айтпаған ғой. Алла разы болсын бұл кісіге. Жүргенде жолы болсын, барғанда орны болсын. Көзілдірігі көзінде, даналығы сөзінде, Зәкеңді кезінде таңғалдырған, тамсандырған, жан салдырған әнші. Бұлбұлым менің, - деді ол.
Пікірлер (0)