Димаш Құдайберген Қазақстанның болашағы мен қазақ тілі туралы айтты
Сурет: әншінің жеке сайты
Әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның болашағы мен қазақ тілі туралы айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі.
Әнші Димаш Құдайберген Лондондағы алғашқы фан-кездесуін өткізді.
Кәусар Қараман есімді әншінің кішкентай жанкүйері осы кездесуде Димашқа Қазақстанның болашағы мен қазақ тілі туралы не ойлайтыны туралы сұрақ қойған.
– “Өткенге өкпе жоқ” дейді, келерге үмітпен, нық қадаммен, сіз және біз болып әрекет етуіміз керек. Еліміздің болашағы, еліміздің алдағы уақыттағы амандығы біздің қолымызда. Көпке күйе жаққым келмейді, бірақ қазақ баласы есебінде өзімнің замандастарымның, қандастарымның, өзімнің отандастарымның қазақша судай сайрап тұрғанына куәгер болғым келеді, - деді Димаш.
Димаш сондай-ақ жалғыз қалғанда не туралы көбірек ойлайтынын да айтқан.
– Өмірді, жұмысты ойлаймын. Отбасы, достарыммен қарым-қатынас туралы ойлаймын. Ешқандай ерекше ештеңе жоқ… Өткен өмірім, болашағым жайлы ойлаймын, – деді ол.
Димаштың концерттерінен кейін көптеген жанкүйерлер қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытқан.
Пікірлер (0)