«Шерзаттың ісі сізге аманат»: Мейірман Шекеев «соңғы парызын» орындады

Жаңалықтар
view 131
news

Сурет: видеодан кадр

Шерзат Болаттың ісінде жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев марқұмның зиратына барып, соңғы парызын өтеді. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды Anyqtime.kz-ке сілтеп. 

Желіде тараған видеодан Шерзаттың әкесі Қаржаубай, анасы мен апасын көруге болады. Заңгер марқұмның қабірі басында құран бағыштап, ата-анасымен бірге болған сәтін бөлісті.

— Соңғы парызым – Шерзаттың басына барып, құран бағыштау еді. Әкесін алғаш көргенде жанары сөнген, үміттен айырылған адамды көрдім. Ол кісі: “Аға, Шерзаттың ісі сізге аманат”, – деп ауыр жүкті мойныма жүктеді. Аллаға шүкір, елдің қолдауымен сол аманатты орындап шықтық деп ойлаймын. Қаржаубайдың күлгенін көру - соның белгісі шығар, — деді адвокат.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *