Димаш Құдайберген Түркиядағы концертінің өтетін орнын өзгертті
Редакция таңдауы
486
Димаш Құдайберген ауа райының нашарлауына байланысты Антальядағы концертінің өтетін орнын ауыстырды, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Құрметті достар! 6 мамырда Антальяда дауыл болатыны ескертілді. Осыған байланысты «Stranger» концертінің Ақдениз ашық стадионынан Antalya EXPO 2016 аумағында орналасқан Antalya EXPO Kongre Merkezi жабық алаңына ауыстырылғанын хабарлаймыз», делінген әншінің парақшасында жарияланған хабарландыруда.
Сондай-ақ барлық көрерменге сағат 16:00-20:00 аралығында Ақдениз стадионынан жаңа алаңға дейін және кері бағытта тегін трансфер ұйымдастырылатыны айтылған. Кері қайтушыларға уақыт шектеуі жоқ. Концерт залына өз бетімен жетуге де болады.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»
Редакция таңдауы
LRT екі аптада 1 миллион жолаушыны тасымалдады
Редакция таңдауы
Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды
Пікірлер (0)