Жүрегімнен күбірлейді тіл демі
Редакция таңдауы
278
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің ұйғаруымен Қосшы қалалық тілдерді дамыту орталығы «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантты ұйымдастырды.
Сауатты ұлт тәрбилеудің алғышарттарының бірі – жалпыхалықттық диктант жазу. Мемлекеттік тілдің құзырын артыру елімізде тұратын барлық азаматтардың парызы екені айқын.
«Қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады. Түптеп келгенде, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді.» деген Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әрбір адам өзінің ана тіліне, аса мән беріп, уыз дәмінен ажырамау керек. Тілдің қызметін арттыру тек сөйлеу стилінде ғана емес, жазу, емле, ереже т.б. үлгісін сауатты түрде қалыптастыру – біздің басты қағидамыз. Осы орайда, жыл сайын жалпыхалықтық диктант өткізіліп келеді. Қосшы қаласында да «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктанты өз жалғасын тапты. Диктант жазуға Қосшы қалалық ішкі саясат, жастар ресустық орталығы, жұмыспен қамту орталығы, қалалық полиция бөлімі және тағы басқа мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсене қатысып, диктант жазды. Сонымен қатар Қосшы қалалық емханасы, «Жанұя» отбасылық денсаулық орталығы, шаһарымыздағы барлық мектептер де атсалысты.
«Бұл шара Қазақстандықтардың тілге деген құрметін арттырып, қатесіз, сауатты, таза жазуға леп, серпін беру болып табылады. Мұндай игі іс, тіл мәртебесінің биік болуына апаратын бірден бір жол. Қаймағы бұзылмаған ана тіліміздің қоңыр үнін жоғалтпай сақтауымызға, теңізге құйған тамшыдай болса да, үлес қосар сөсіз. Тілді тұрмыстық қажеттілікте, ауызекі сөйлеуде қолдану бөлек дүние, ал диктант жазу арқылы әрбір сөз бен сөйлемді жүрекпен сезіну қажет. Мағынасына терең бойлап, мән-мағынасына ұғыну керек», деді Қосшы қалалық тілдерді дамыту орталығының директоры Әлия Қуатжанқызы.
Жалпыхалықтық диктант Қазақстан Республикасы бойынша мемлекеттік қызметкерлер мен мекемелер, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және мектеп мұғалімдері, студенттер мен оқушылар, сонымен қатар өзге ұлт өкілдері арасында өткізіліп, оны жазуға деген жұршылықтың ынтасы ашылды. Оның басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ ояту. Ал, міндеттеріне келетін болсақ, қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Осындай патриоттық шаралар арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Жалпы, диктант жазуға қойылатын талаптар: үміткерлердің жас ерекшіліктеріне шек қойылмайды; жазушылардың тілдік ерекшіліктеріне шек қойылмайды, оған өңір тұрғындарының кем дегенде 30 %-ы қамтылуы тиіс, диктантты офлайн/онлайн форматтарда өткізуге болады, жазылған жұмыстар бағаланбайды.
Рамазан БАУЫРЖАН
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)