БҚО: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша кездесулер легі өтті
Сурет: БҚО Дін істері басқармасы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен 07-11 қазан аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Батыс Қазақстан облысына іс-сапарға барды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Аталған іс-сапар Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу мақсатында ұйымдастырылды.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды. Аталған іс-шараға Смадьяров Бахтияр Серікұлы – Ақмола облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» дінтанушы, Мейірбеков Данияр Еркінұлы – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Магистр, оқытушысы, Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы – Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ аға оқытушы, теология ғ. PHD, Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы – «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті, бас сарапшы қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысы аумағында мектеп оқушылары мен мұғалімдері, ЖОО және колледж студенттері, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және белсенді жастар базасында болды. Олар жастар арасында «Жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру: өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» және «Рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау» т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жұмыссыз жастар, жас кәсіпкерлер, жас мұғалімдер, әскери қызметкерлер, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, спортшылар мен жаттықтырушылар, ЖОО мен колледж студенттері және т.б. қамтылды.
Пікірлер (0)