Марқұм Шерзат тұрған үйдің түгі қалмай жанған

Жаңалықтар
view 485
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Талғар қаласында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім, анығырақ айтқанда, Шерзаттың үйі өртенгені хабарланды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Бұл жайлы әлеуметтік желіде хабарланды. Түнгі екі шамасында басталған өрт толық сөндірілгені, бірақ үйдегі мүліктің бәрін өрт шарпып, түк қалмағаны айтылады. 

Алматы облысы Полиция департаменті өрттің болғанын растады.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқиғаның куәгерлерінен жауап алынып, бейнебақылау камералары тексеріліп жатыр.

Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары мен оған әкелуі мүмкін себептері анықталуда, - деп атап өтті Полиция департаментінен.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *