"DOMBYRA PARTY" кеші: Ұлттық рух пен күй тербелісі Бәйтеректе тоғысты
Сурет: Ашық дереккөзден
Бүгін Бәйтерек саябағында Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған ерекше рухани кеш — "DOMBYRA PARTY" өтті, деп хабарлайды janabastau.kz.
Шара аясында елордадағы бірқатар өнерпаздар бас қосып, киелі қара домбыраның күмбірі астында ұлттық өнерді дәріптеді.
Кеш барысында талантты домбырашылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермен көңілін серпілтті. Күй мен терме, ұлттық нақыштағы әуендер тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңында орталық атынан үздік күй орындаушы марапатталып, домбыра сыйға тартылды. Бұл — қазақтың төл өнеріне деген құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі.
Айта кетейік, мұндай мәдени бастамалар ұлттық болмысты ұлықтауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып саналады.
Пікірлер (0)