Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін

Жаңалықтар
view 274
news

Фото: Ақорда

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Журналистер Трампқа Қазақстанға сапармен баруыңыз мүмкін бе деген сұрақ қойды.

Трамп не деп жауап берді

Трамп мырза, Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ Президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма? – деп сұрады тілші.

Оған жауап берген АҚШ басшысы елге келу мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Парасатты Президентіңіз бар»

Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ парасатты Президентіңіз бар, – деді Дональд Трамп.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев америкалық танымал басылымдарға сұхбат бергенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Вашингтонға сапарлағанын, онда Тоқаев пен Трамп кездесуінің нәтижесі жарияланғанын хабарлаған едік.

Тоқаев пен Трамп Израиль Премьер-министрі Нетаньяхумен телефонмен сөйлескен.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *