Дрон шабуылына ұшыраған Ресей зауыты Қазақстан газын қабылдауды тоқтатты

Жаңалықтар
view 367
news

Фотосурет: shutterstock

Орынбор газ өңдеу зауыты дрондар шабуылынан кейін туындаған апатты жағдайға байланысты Қарашығанақ кен орнынан келетін шикі газды уақытша қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Газпром» ПАО мәліметінше, апатты жағдай 19 қазанда болған. Қазір зауыттың зақымдану сипаты мен жұмысын қалпына келтіру мерзімдері туралы ақпарат ресейлік тараптан әлі ұсынылмаған.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанның газбен қамтылуына бұл жағдай әсер еткен жоқ. Газ ішкі тұтынушыларға штаттық режимде, ешқандай шектеусіз жеткізіліп отыр.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Қарашығанақ шикізатын өңдеу және мұнай өндіруге ықтимал әсер ету мәселелері жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе пысықталып жатқанын атап өтті.

Мүмкін болатын шығындарға баға беру және одан арғы іс-қимылдар туралы ақпарат кейінірек беріледі. Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр және ресейлік тараппен, сондай-ақ кен орны операторларымен тұрақты байланыста, – делінген хабарламада.

Бүгін Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцев Украина дрондарының шабуылы салдарынан газ өңдеу зауытының инфрақұрылымы ішінара зақымданғанын хабарлады. Зауыттың бір цехында өрт шыққан.

Кәсіпорын қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ. Нысан жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төндірмейді, – деді губернатор.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *