Дженнифер Лопес әлеуметтік желіде қазақ тілінде ән жариялады
Сурет: Ашық дереккөзден
Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Instagram парақшасында қазақ тіліндегі әнді бөлісті. Әнші өзінің 248 миллион жазылушысы көретін сторисінде қазақстандық өнерпаз Мөлдір Байбуринованың орындауындағы Ain’t Your Mama хитінің қазақша каверін жариялаған, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Мөлдір Байбуринова Джей Лоның танымал композициясын қазақшаға икемдеп, әлеуметтік желіде ұсынған болатын. Бейнежазба көп ұзамай тыңдармандар арасында кеңінен тарап, ақыр соңында түпнұсқа ән иесінің де назарына іліккен.
"Мен Джей Лоның сторисінде тұрмын. Сіздерге рахмет!" — деп қуанышын жасырмаған Мөлдір, бұл оқиғаны өзінің ең үлкен жетістіктерінің бірі деп бағалады.
Жарияланым астында жүздеген пікір жазылып, қазақстандық өнерпазға жылы лебіздер мен қолдау білдірілді.
Пікірлер (0)