Психолог: «Бұл – Путиннің өзі емес»

Жаңалықтар
view 492
news

Фото скрин

Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ-қа сапары жаңа дауға себеп болды. Бұл жолы мәселе саясаттағы мәлімдемелерге емес, оның жеке басына қатысты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ  ақпарат агенттігі. 

«Бұл – нағыз Путин емес» – психологтың пікірі

Украиналық психолог Дмитрий Поповтың айтуынша, Аляскада Дональд Трамппен кездескен адам шын мәнінде Путиннің өзі емес, оның «двойнигі» – қосар бейнесі болған.

Маман өз тұжырымын былай түсіндіреді:

Путин 72 жастағы адамға тән емес, тым жас әрі сергек көрінген;

100 метрден астам жерді еш қиналмай жүріп өткен;

Мимикасы мен қимылы бұрынғы Путинге ұқсамаған.

Кремль не дейді?

Мәскеу болса мұндай әңгімелерді әлденеше рет жоққа шығарған. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «бұл – ертегі» деп қысқа қайырған. Бұған дейінгі зерттеулер бет-әлпетті тану жүйелері арқылы Путин мен оның «двойнигінің» – қосар бейнесінің 99,9% ұқсастығын көрсеткен.

Путиннің Аляскаға өзі барды ма, әлде арнайы дайындалған «двойнигі» – сыңар бейнесі ме – бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ. Бірақ анық бір нәрсе бар: Кремль басшысының әр қадамы қазір саясаттан гөрі шытырман детективке көбірек ұқсайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *