Екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйел есепте тұрған: Көршілер тың дерек айтты
Фото - Caravan.kz
Павлодарда екі баласын терезеден лақытырып жіберген әйелдің әрекеті көршілердің жағасын ұстатты Көршілерінің айтуынша, ол балаларына қамқор, сыпайы, жуас әйел болған. Балаларымен аулада жиі серуендейтін дейді көршілері. Бұл туралы Janabastau.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бір жасар сәби клиникалық өлімді басынан өткерді. Қазір үшеуі де ауыр жағдайда ауруханада жатыр.
“Дабылдың дауысын естідім де, терезеден қарадым. Басында ештеңе түсінбедім: оқиға екінші подъездің жанында болды, ал ол бірінші подъезде тұрады. Кейін ұлым кіріп келіп “Мен ойнайтын досым бар еді ғой, сол баланы Анасы бесінші қабаттан балаларын лақтырып, өзі де секіріп кетті” деді.
Балаларды алып кетті, ал әйелді Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері алып кетті. Олар негізі үшінші қабатта тұрады дейді. Бірақ ұлымның айтуынша, анасы подъезге кіріп, бесінші қабатқа көтеріліп, сол жерден лақтырған”, – дейді көршісі Венера Исмаилова.
Пікірлер (0)