Әкімдікте жемқорлықпен қалай күреседі?

Қосшы жаңалықтары
view 85
news

Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмін жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет жүйесін сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында техникалық оқыту жүргізілді. Жергілікті әкімдікте жерді пайдалану құқығын беру кезінде рәсімдерден өту схемасы пысықталды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Жыл сайын қызметкерлер табыс туралы декларацияны тапсырады, құжаттармен жұмыс істеу кезінде олардың орындалу мерзімдерін сақтауға ерекше назар аударылады.

– «Мемлекеттік қызмет біздің бөлімімізде, оның ішінде баламалы негізде ХҚКО және мемлекеттік оргын арқылы көрсетіледі. Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін тиімді төмендету үшін бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, заң жобасы шеңберінде жер учаскелерін сату немесе тек электрондық түрде жалға алу құқығы мәселелері пысықталуда. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың бірыңғай базасы құрылды, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің веб-порталында жер учаскелері туралы мәліметтерге еркін қол жетімділік ашылды», – дейді жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Аида Мүслімхан.

Қызметкерлер өтініштерді қабылдаумен қатар, құзыреттеріне жататын мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес береді. Жер қатынастары саласында шешімдер қабылдау рәсімдерінің ашықтығы үшін, әрі халық арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендету үшін жағдайлар жасалған. Айта кету керек, учаскені берудің жалпы тәртібі еліміздің жер кодексімен реттеледі. Жерді пайдалану құқығын алу үшін сіз әкімнің атына өтініш бересіз, содан кейін әкімдік жанындағы жер комиссиясының отырысына берілген өтінішті дайындау үшін аталған бөлімге түседі. Жер комиссиясының отырысы міндетті түрде бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеледі.

– «ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 10-тармағына сәйкес жер учаскесін жергілікті жерде оның шекаралары белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттарды бергенге дейін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иемдену ретінде сараланады және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Құқық белгілейтін құжаттар ресімделмеген жер учаскелеріне қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді. Кез-келген жағдайда біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтауға ерекше мән береміз», – деп толықтырды дейді бөлімінің бас маманы Аида Мүслімхан.

Заңнамаға басшылықтың ұжымдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі міндетін жүйелі түрде орындамағаны үшін жауапкершілігі енгізілді, өйткені оның салғырттығы бұл мемлекеттік органда немесе ол басқаратын құрылымда сыбайлас жемқорлық тұрғысынан жағымсыз жағдайға әкелуі мүмкін. Аида Мүслімхан атап өткендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері үшін Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының қабылдау күндері бар. Қоғамда төзбеушілікті қалыптастыру үшін барлық қажетті ақпарат бар стендтер орналастырылған.

Жанар АХМЕТОВА

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *