Елден заңсыз шығарылған 850 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Жаңалықтар
view 64
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Бас прокурор Берік Асылов заңсыз активтерді қайтару және жаңа инвестициялар туралы мәлімдеді.

Бас прокурор Берік Асылов заңсыз алынған активтерді қайтару арқылы 1,3 трлн теңге өндірілгенін, оның 850 млрд теңгесі ел қазынасына түскенін хабарлады, – деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Қайтарылған қаржы қайда жұмсалады?
Асыловтың айтуынша, бюджетке түскен қаражат есебінен:

  • 207 су жеткізу нысаны,
  • 177 медициналық мекеме,
  • 14 білім беру және спорт объектісі салына бастады.

Жалпы бұл жобаларға 375 млрд теңге бөлінген.

Жаңа инвестициялық жобалар
Сонымен қатар компаниялар ел экономикасына қосымша 5,2 трлн теңге инвестиция құюға міндеттелді. Жоспарланған жобалар қатарында:

  • Алматыдағы туристік кешен,
  • көлік-логистикалық орталықтар,
  • жаңа зауыттар,
  • 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын тау-кен байыту комбинаты.

Бұдан бөлек, 122 млрд теңгеге 16 мектеп пен балабақша, 8 медициналық мекеме, 13 спорт кешені және 16 мәдени нысан тұрғызылады. Бұл жобалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашпақ.

Инвесторларды қорғау комитеті құрылды
Асылов атап өткендей, барлық жобалардың орындалуына қатаң бақылау жасалады. Бұрынғы Заңсыз активтерді қайтару комитеті енді Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта құрылып, елге жаңа инвестициялар тарту және бизнеске қолдау көрсету міндетін атқарады.

Қазіргі таңда прокурорлар 87 трлн теңгені құрайтын 1,5 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. 2023 жылдан бері 937 проблема шешіліп, 1,7 мыңнан астам инвесторға көмек көрсетілген. «Прокурорлық фильтрдің» арқасында бизнеске негізсіз тексерістер азайып, мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты талап-арыздары 60%-ға, әкімшілік істер 12%-ға қысқарған. Қылмыстық істер саны 1553-тен 154-ке дейін төмендеген.

Автоөндіріс зауытының мысалы
 Берік Асылов Алматыдағы Haval, Chery және Changan көліктерін шығаратын зауытты мысалға келтірді. Бұрын инвестор инфрақұрылымға қосылу және рұқсат құжаттарын алуда қиындықтарға тап болған. Прокуратура араласқаннан кейін мәселе шешіліп, 182 млрд теңге көлеміндегі жоба іске қосылып, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *