Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Редакция таңдауы
view 92
news

«Қазгидромет» синоптиктері 26 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды janabastau.kz. Қазақстанның барлық аумағы солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан, жаңбыр жауады. Мәселен, солтүстікте, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек республикамыздың оңтүстігінде, батысында күн жауын-шашынсыз болады. «Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауып, дауыл соғады. Сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман түседі. Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады», дейді синоптиктер. Жетісу облысында, Алматы, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *