Елдос "колобок": "Ұрығым туралы сөз етемін деп ойламаппын" деп өкінішін жеткізді

Жаңалықтар
view 37
news

Сурет: Видеодан кадр

Елдос "колобок" Перизат Байқошқарованың "Елдостың ұрығы болмаған" деген сөзіне қатысты жауап берді деп хабарлайды Janabastau.kz ақпарат агенттігі  Democrat.kz-ке сілтеме жасап.

"Перизат Байқошқарова, сіз дәрігер ретінде "дәрігерлік құпия" дегенді сақтамай, "Елдос сияқты ұрығы жоқ жігіттер бізге көп келеді" дегенсіз. 

Перизат ханым, сіз бізді емдеген жоқсыз, біздің операцияда болған жоқсыз. Бірақ кабинетте, дәрігерлер отырған жерде айтатын әңгімені әлеуметтік желіде айта салдыңыз. Сол сіздің үлкен қателігіңіз болды. Себебі халықтың бәрі дәрігер емес.

Қазір бүкіл жұрт "ойбай, Елдостың ұрығы жоқ, әйелі кімнен екіқабат болған" деп шулап жатыр" деген Елдос Кәдірханов дәл қазіргі уақытта әйелінің үлкен стресске түскенін жеткізді. 

"Білікті маман ретінде "Елдос барып қаралған дәрігерлер оған ұрығың жоқ деген. Ал шындығында Елдостың ұрығы қысылып, дұрыс шықпаған. Операция жасалған соң, ол проблема реттелді" деген сияқты дұрыс түсіндіруіңіз керек еді.

Ал жұрт сіздің бір сөзіңізді жұлып алып, шулап жатыр. Әйелім жүкті, қазір стрессте. Бұл білесіз балаға да әсер ететінін сіз де білесіз ғой" деген Елдос өкініштен пұшайман болғанын айтты. 

Гендер патиді бала сүюден үмітін үзгендерге үміт сыйлау ретінде өткізгенін айтқан Елдос: 

"Ешқашан өмірімде елге “ұрығым” туралы әңгіме айтып отырамын деп ойламаппын. хотел как лучше… просто обидно… операциядан соң қуанып кетіп, біз сияқты жүргендер тоже қуанып қалсыншы, емделуге барсыншы деген ойда бәрін жайып айтып тастадым, әйтпесе көтенімді қысып ештене болмағандай операция клиника доктор туралы айтпас едім, сотқа беру ойымда жоқ, тек ойы екіге бөлінген халыққа түсіндіріп кеткім келді. Көп назарға түсіп қалдық ау, көз тиіп кетті… құрсын енді шықпаймыз біраз уақыт тыныштықтамыз" деп жазды. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *