Елімізде әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарналары жоқ – министр

Жаңалықтар
view 109
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет сағатында Қазақстанда әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарналары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.

"Біздің министрліктің ай сайынғы дерекқор мониторингі ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастырылған әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарналары жоқ екенін көрсетіп отыр. Бұдан әрі, платформалық жұмыспен қамтуды кеңейту мәселесі. Бұл экономиканы цифрландыру арқылы пайда болған әлемдік тренд. 2023 жылы нақты зейнетақы аударымдарының деректері бойынша есептелген еңбекақы төлеу қорының көлемі 20 трлн теңгені құрады. Өз кезегінде, Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша, еңбекақы төлеу қоры екі есеге жуық – 38 трлн теңге. Еңбекақы қоры бойынша деректердің едәуір алшақтығы сауда, ауыл шаруашылығы және жылжымайтын мүлік секторларында байқалады", – деді Светлана Жақыпова. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *