Елімізде бір түндегі екі жол апатынан 15 адам қаза тапты

Жаңалықтар
view 120
news

Фотосурет: ҚазАвтоЖол

Жолдарды жаңартқаннан кейін жол-көлік оқиғаларының саны артып кетті. Қыркүйектің 13-інен 14-іне қараған түні елімізде 15 адамның өмірін қиған екі ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, алғашқы жол апаты 13 қыркүйекте сағат 23:30 шамасында Қарағанды облысында, «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» тасжолында, Шешенқара ауылының маңында тіркелген. Ford Mondeo көлігінің жүргізушісі Қарқаралыдан Қарағанды бағытына бара жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Changan автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тапты.

Екінші қайғылы оқиға екі сағаттан кейін – 14 қыркүйекте сағат 01:39-да Жетісу облысында, «Алматы – Өскемен» автожолының 479-шақырымында болған. Nissan Cefiro жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Lada ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Кейін ол Chevrolet Cobalt-пен жанай соқтығыс жасады. Nissan жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Lada ВАЗ көлігіндегі 1 жолаушы қаза тауып, тағы 1 адам ауруханаға жеткізілді. Chevrolet Cobalt көлігінде болған 8 адам, «оның ішінде 1 бала бар) оқиға орнында қаза тапты.

Жол қызметтерінің дерегінше, екі учаске де жарамды жағдайда болған:

«Алматы – Өскемен» автожолы 2024 жылғы желтоқсанда қайта жаңғыртылған, ал «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» учаскесіне орташа жөндеу жүргізілген. Жол жабындысында ақаулар мен қозғалысқа кедергілер анықталмады.

Мамандардың айтуынша, жолдар жаңартылғаннан кейін жол апаттарының көбеюі байқалады. Тегіс жол төсемі мен жақсы көріну жағдайы жүргізушілерді жиі жылдамдықты асыруға және жол ережесін бұзуға әкеп соғады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *