Шымкентте мешіт өртенді

Жаңалықтар
view 107
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Құтқарушылар мешіттегі өртті сөндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, бүгін Шымкент қаласының 112 пультіне Тұран ауданындағы Қ. Әділбеков көшесінде орналасқан екі қабатты мешіттің төбесінен түтін көрініп тұрғаны туралы қоңырау түскен.

Қаланың ТЖД жедел қызметтері шатырдың ағаш конструкцияларын ашып, өрт ошағын сөндіріп, жедел жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *