Елімізде тұңғыш рет педогогтардың халықаралық жиыны болды
Редакция таңдауы
604
Бүгін Елорда төрінде Қазақ технология және бизнес университеті және Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Орта білім беруді дамыту жағдайындағы білім берудегі заманауи тенденциялар» атты халықаралық-педогогикалық конференциясы басталды.
Халықаралық-педогогикалық конференциясына Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз және Башкұрт республикаларынан келген мәртебелі қонақтарымен қатар, Астана қаласы Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы», республика көлемінде білім беру ұйымдарының көркем еңбек пәні мұғалімдері, сондай-ақ Астана қаласының жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Елімізде алғашқы рет өткізіліп отырған салтанатты жиынды ашу үшін Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» басшысы Сындар Мұратқызы және Қазақ технология және бизнес универститетінің Президент-ректоры Сейітқасым Байбеков сөз сөйлеп, көрменің лентасын қиды.
Аталған халық аралық конференция аясында қылқалам шеберлері мен қол өнер шеберлерінің көрмесі өтті. Көрмеге көркем еңбек, бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің жүннен жасалған бұйымдар, ағаштан жасалған зергерлік бұйымдар, робототехника, қыш құмыралар, кілем (тоқыма), теріден жасалған бұйымдар және бейнелеу өнерінің туындылары қойылды.
Сонымен қатар, жиында Қырғыз Республикасы Дизайнерлер одағыны, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақстан Дизайн академиясының академигі, Еуразия халықаралық университетінің «Коммуникациялар, медиа және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, дизайнер Винера Бектенова сөз сөйледі.
– Халықаралық-педогогикалық конференциясы мақсаты – педагогтердің әлеуетін білім алушыларды кешенді дамытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру, өз практикасында қалай қолданатыны туралы тәжірибе алмасу, – дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Қазақ технология және бизнес университеті, «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты Жазира Байжанова.
Ғылыми-тәжірибелік секциялар аясында шеберлік сыныптары, көрмелер, сән көрсетілімдері болды. Сондай-ақ, сарапшы мамандар көркем еңбек саласындағы соңғы зерттеулердің нәтижелерін бөлісті. Тәрбие және білім беру саласындағы соңғы педагогикалық тәсілдер таныстырылды. Сонымен қатар, қазіргі білім беруде болып жатқан реформалар талқыланды.
– Бұл іс-шарада мектеп қабырғасынан жоғары оқу орнына дейін оқушылардың кешенді дамуының өзекті мәселелерін шешуге мұғалімдердің әлеуетін көтеру және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын анықтау – басты мақсаттарымыздың бірі болып отыр. Сондай-ақ, конференция барысында қатысушылар ғылыми-тәжірибелік конференция тақырыбы бойынша тәжірибе алмасты, – дейді қалалық көркем еңбек мұғалімдері қауымдастығының төрайымы Дариға Жарасбаева.
Жиын соңы халықаралық педагоктардың пленарлық отырысына ұласып, өзекті тарықтаптар қозғалып, баяндамалар жасалды.
– Халықаралық конференция білім саласымен айналысатын мамандар үшін кең ауқымды алаңға айналмақ. Әр елден жиналған сарапшы мамандар білім саласын кешенді дамуыту бойынша тәжірибе алмастық, ортақ мәселерді бірге талқылады. Бұл өте ауқымды жоба болды, – дейді қалалық көркем еңбек мұғалімдері қауымдастығының шығармашылық топ жетекшісі Нұрлыгүл Сұлтанбекқызы.
Еске сала кетейік, аталған жиын ертең де жалғасын таппақ. Ертең шырада шетелден келген көркем еңбек және бейнелеу өнерінің мұғалімдері шерелік сыныбын өткізіп, тәжірибе алмасады.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)