Елордада құрылысшы краннан құлап, көз жұмды

Жаңалықтар
view 872
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде кран операторы биіктен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті өкілдері растады.

Құрылысшы краннан түсіп бара жатып, құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған. 

– Аталмыш дерекке байланысты "Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникаларын сақтамау салдарынан адамның мертігуі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада.

Қаза тапқан құрылысшының жасы небәрі 22-де болған екен.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *