«Ең маңызды тұсы бітеліп қалыпты»: танымал блогер бедеулікке қарсы ота қалай жасалғанын айтты (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скрин
Танымал блогер Елдос Қадірханов бедеулік дертінен айығу үшін күрделі отаның қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Айтуынша, Түркияға барып, дертіне шипа іздеген ол емді Астанадан тапқан екен.
«Түркияда 20-30 минут қана жасалатын. Ал Астанада ота 3,5 сағат жасалды. Дәрігерлер үмітін үзіп жатқан екен. Хирургтың айтуынша ең маңызды тұсы бітеліп қалған екен. Ота жасаған дәрігер дәл сол тұсты кесетін әдісті қолданбайтынбыз, оны ұмытып кеткенбіз дейді. Сол әдіске қажетті бір құралын қасындағы көмекшілерінен сұраса, оны тіпті дайындамаған да екен. Соны әкелгеннен кейін жаңағы жабысып тұрған жерді кесіп жібергенде бір дауыс шығып, артынша бұлақ болып ақты дейді. Соны алып, эмбриологқа бергенде ішінде жыбырлап жүргендерін көрген. Ондай менде мүлдем болмаған», - дейді Елдос Қадірханов.
Пікірлер (0)