Педофил деп айыпталған Қолғанат Жұмабаев шындық детекторынан өтті

Жаңалықтар
view 183
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Қолғанат Жұмабаевты әйелі, блогер Құлпынай педофил деп айыптаған болатын. Қоғамда туындаған шудан соң өзін ақтау үшін Қолғанат Жұмабаев Руслан Өтепбайдың студиясында өтірік детекторына отырды, - деп хабарлайды janabastau.kz Massaget.kz -ке сілтеме жасап.

Студияға өтірік детекторынан өтуге келген Қолғанат Жұмабаев бұл жерге өз еркімен келгенін айтты.

"Толыққанды шешімім. Өз еркіммен келдім. Өзімнің педофил емес екенімді дәлелдегім келеді", - деді Қолғанат.

Алайда камера сыртында отырған Қолғанаттың анасы жауаптарды естіп, оларды жарияға салудан бас тартқан. 

"Ерлі-зайыпты блогерлер Қолғанат пен Құлпынайдың арасында орын алған дау естеріңізде болар. Қоғамның ойы екіге бөлінді. Бірі күйеуі жалған сөйлейді десе, екіншілері әйелінікі дұрыс емес деп санайды. Сондықтан екі блогерге детекторға отыруды ұсындым. Алайда Қолғанат Жұмабаевтың анасы ұлының жауаптарынан соң, детекторға отырған видеоны жариялауға қарсылық білдірді. Заң жүзінде тараптардың рұқсатынсыз мен ол материалдарды беруге құқығым жоқ. Шешемді өздеріңіз шығарарсыздар! Менікі ұсыныс болған", - деп жазды Руслан Өтепбай.

Еске салайық, танымал блогер Құлпынай Калменова желіде күйеуімен ажырасуына кішкентай қыздармен көңіл жарастырып, педофилизмге бой алдырғаны себеп болғанын жазды. Блогер бұрынғы күйеуі Қолғанаттың ұялы телефонынан кішкентай қыздармен сөйлескен хаттарын, бірге түскен фотоларын тауып, оны желіге жариялады.

Блогер 10-11 жастағы қыздардың аналарына сол күні ескерткенін айтты. Алайда кішкентай қыздардың аналары бұл жағдайға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын жеткізді. Ол таратқан видеода күйеуінің Whatsapp-та екі кішкентай қызды "Айшам" және "Тырысқағым" деп сақтап қойғанын байқауға болады. Сондай-ақ ол қыздарға "ғашық болып қалдым", "кешірші, жаным" деп жазған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *