Енді жұмыссыз қалғандарға берілетін жәрдемақыға шектеу қойылады

Жаңалықтар
view 20
news

Фото: freepik.com

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 6 айдан 4 айға қысқартылып, оның ең жоғарғы мөлшері белгіленбек, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өзгерістер көлеңкелі схемаларды жою және әлеуметтік қордағы олқылықтарды реттеу мақсатында енгізілетінін айтты.

Министрдің айтуынша, өзгерістер әлеуметтік сақтандыру қорында анықталған кейбір заңсыз схемаларға байланысты енгізіліп отыр. 

Бұрын пандемияға дейін жұмыссыздарға жәрдемақы 4 ай ғана төленсе, пандемия кезінде бұл мерзім 6 айға дейін ұзартылған. Енді қайтадан 4 айға қысқарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар жәрдемақының ең жоғарғы шегі белгіленеді, – деді министр.

Қазір кейбір азаматтардың жұмыссыз ретінде тіркеліп, ай сайын 1 миллион теңгеге дейін төлем алып отырған жағдайлары тіркелген. Министр мұндай тәжірибенің дұрыс емес екенін атап өтті.

Оның сөзінше, негізгі мақсат "көлеңкелі схемаларды" жою және төлем жүйесін ретке келтіру екен. Сондай-ақ министр мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының дефолтқа ұшырады деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, қор тұрақты жұмыс істеп тұр, қаржылық балансы оң.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *