Ер адам 16 жастағы қалыңдығының басын шауып тастаған
Сурет: Ашық дереккөзден
Үндістанда Карнатака тұрғыны 16 жастағы қалыңдығының басын шауып тастаған, – деп хабарлайды janabastau.kz Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
Мадикерилік 32 жастағы Пракашидің отбасы кәмелетке толмаған қыздың отбасымен үйлену тойын Сурлабби ауылында өткізуге келіскен. Алайда келіннің жасы 18-ге толмағанын анықтаған құзырлы органдар мен балалар құқығын қорғау комиссиясының өкілдері неке қию рәсімін үзген.
Нәтижесінде неке бұзылды. Бұған екі отбасы да келісті, бірақ үкіметтің араласуы Пракашаның ашуын келтірді. Келесі күні ол қыздың үйіне басып кіріп, ата-анасын аяусыз соққыға жыққан. Кейін қалыңдығын көшеге сүйреп, басын шауып тастаған.
Ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр.
Пікірлер (0)