Ер адам туған анасына қорлық көрсетіп келген

Жаңалықтар
view 1536
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Қарияның айтуынша, ұлы еш жерде жұмыс істемейді. Анасының зейнетақысын алып қойып баласының өзі иемденіп отөан көрінеді..

 KYN.KZ -тің мәліметінше Алматыда өзінің қарт анасын аяусыз ұрған тұрғын 10 тәулікке қамалды. 

"Айқайлаған дауысқа көршілері дауыстың қай жақтан шығып жатқанын іздеген. Пәтерді тауып, ішке кірмек болған кезде ер адам қашып кетпек болған. Үйге үнемі есікті сындырып кіретіндіктен есік әбден бұзылған", – делінген хабарламада.

Баласының бұл әрекетінен шаршаған зейнеткер бұған дейін де полицияға бірнеше рет шағым түсірген. 

"Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды. 13 мамырда Медеу аудандық азаматтық сотында оны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу мәселесі бойынша сот отырысы өтеді", – делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында. 

Пікірлер (1)

  • Ерболат

    10 тәулік деген не?10жылға соттау керек

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *