«Еркемай» – дарындылар шығатын дара орта

Сұхбат
view 1132
news

Қосшыда ерте жастан бүлдіршіндердің бойындағы дарындылығын дамытатын ерекше балабақша бар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында балалардан жылылық пен мейірімділік атмосферасы сезіліп тұрады. Ал тәрбиешілері қызметтеріне бар жан-тәнімен берілгендігін байқатты. Жеке балабақша ашып, игілікті жұмысты іске асырған құрылтайшы Гүлерке Асқарованы әңгімеге тартқан едік. Қосшы қаласында орналасқан «Еркемай» балабақшасының ашылғанына биыл бес жылдың жүзі болған. Мұнда 190 тәрбиеленушіге жас ерекшелігіне сай 8 топ жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында 26 қызметкер бар. Балабақша маман кадрлармен толық қамтылған. [video width="512" height="640" mp4="https://janabastau.kz/wp-content/uploads/2022/10/whatsapp-video-2022-10-06-at-08.59.05.mp4"][/video] Психолог, логопед, дене тәрбиесі жетекшісі, хореограф, музыка жетекшісі мамандары тәрбиеленушілермен жан-жақты дамыту бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Мұндағы қызметкердің барлығы өз ісіне жанқиярлықпен ғашық бір үлкен және тату отбасы іспетті. «Әр топта тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі балаларға білім мен тәрбие береді. Балаларды тасымалдауға 2 автокөлік және автокүтуші қарастырылған. Бала қауіпсіздігі үшін балабақша ғимаратына видеошақыру мен видеокамералар қойылған. Бес уақыт құнарлы тамақтану қарастырылған. Аллергиясы бар балаларға арналған жеке ас мәзірі жасалады. Ас мәзірі маусымдық ерекшеліктерге сай жасалынып бекітілген. Ас мәзірінде витаминдендіру принципі ескерілген,» – дейді Гүлерке Жұмабекқызы.  Балабақшада балалардың күні бойы өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін түрлі ресурстармен толықтырылған дамытушы орталар бес білім беру саласы бойынша талапқа сай жабдықталған. «Балабақша оқу-тәрбие жұмысын ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай жүргізеді. Әуелде біздің балабақша бейімделінген тұрғын үй ғимаратында ашылған болатын, 1 жыл бұрын екі қабатты типтік жобадағы жаңа ғимарат салынып іске қосылды. Біздің материалдық-техникалық базамыз САНПИН нормаларына сай жабдықталуы әрі барлық талаптарға сай. Ойын алаңдары, демалатын арнай орындар, асхана, медициналық кабинет, акт залы, оқу залы балалардың дұрыс дамуына бағытталған» – дейді кәсіпкер. [video width="640" height="352" mp4="https://janabastau.kz/wp-content/uploads/2022/10/whatsapp-video-2022-10-06-at-08.58.14.mp4"][/video] Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жанжақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған орай, мектепке де-йінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мәселен, 2021 жылдан бері авторлық «TULPAR LOGIC» олимпиадасы өткізіледі. Маусым бойынша өткізілетін олимпиадаға мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілері қатысады. Тәрбиеленушілерді қосымша біліммен қамтамасыз ету мақсатында «Шахмат», «Каратэ», «Қызықты ағылшын тілі» үйірмелері жұмыс істейді. Балабақшадан ұшқан жас түлектер бүгінгі таңда мектепте оқып, білім алуда. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы жас та болса біршама жетістіктерге қол жеткізген. Ата-аналар пікірінше, «Еркемай» балабақшасы – «Балалардың саялы мекені». «Осы балабақшаға менің үш немерем келді. Үлкенім Мадина қазір мектепте екінші сынып оқып жатыр. Артынан ерген інілері де осы бөбекжайда тәрбиеленіп жатыр. Әрине, балаларға жайлы орта болмаса, осында тұрақтамаймыз ғой. Әр балаға әріпті жаттатып, санауды үйреткен тәрбиешілердің шеберлігінде атап өткен жөн. Қазіргі уақытта балалардың толыққанды қалыптасуы үшін мектепке дейінгі білім беру нысандарының маңызы зор деп ойлаймын» – дейді қария Сұлтанбек Мұталиев. Қанша жыл өтсе де, балалық шақтың ерекше сәті өткен жер біз үшін қымбат және жақын болып қала береді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз. «Балалардың бойында қазіргі заман талабына сай 4К моделін: креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды, командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға сапалы еңбек ете береміз. Балабақша – баланың ақыл-ойы мен білімін жетілдіретін орда. Біздің мақсатымыз – бүлдіршіндерді бүгіннен бастап, білімге құштар болуға баулу», – деп сөз соңын түйіндеді Гүлерке Жұмабекқызы.

Жазып алған Азамат ЖАППАР

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *