Ермұрат Бәпи: Қосановтың тақырыбы маған ғана емес қоғамға да ауыр тақырып

Жаңалықтар
view 374
news

Сурет: Ашық дереккөзден

ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи Әміржан Қосановпен жақын араласпайтынын айтты, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Ермұрат Бәпи Төртінші билік арнасының журналисіне берген сұхбатында Қосановпен қарым-қатынасы туралы сұраққа былай деп жауап берді:

“Қосановтың тақырыбы маған ғана емес қоғамға да ауыр тақырып қой. Себебі, 2019 жылғы саулаудан кейін Әміржан Қосановтың бір феномені пайда болды ғой. Жалпы ол енді біліуті саясаткер ғой. Сайлаудағы жағдайдың бәрі белгілі. Оның бәрін қайтадан айтып керек емес. Сонан кейін әрине біздің арамыз сәл алшақтап кеткен”.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты “Жаңа Қазақстан” идеясы туралы да ақпаратпен бөлісті.

“Жаңа Қазақстан президенттің идеясы емес. Біз 2019 жылы сайлауға келген кезде “Жаңа Қазақстан” деп келгенбіз. Жаңа Қазақстан платформасын құрдық. Сол Жаңа Қазақстанның өкілі Әміржан болды”, - деп айтты Ермұрат Бәпи.

Журналистің “Сіз тіпті отбасылық деңгейде де қазір араласпайсыз иә?” деген сұрағына:

“Отбасымызда аралас-құралас бар. Қосановпен немерелес бажамыз. Қыздар араласып, хабарласып тұрады. Бір-біріне барып тұрады. Ал, біздің өз тарапымыздан әрқайсысының саяси шешіміне байланысты, саяси таңдауына байланысты осындай бағыт-бағдарымыз өзгеше болып кеткен”, - дейді Мәжіліс депутаты. 

Пікірлер (1)

  • Әміржан Қосановты қолдаған себебіміз ескі жүйеден құтыламыз ба деген үміт еді. Ол үмітті ақтамай, жүрегімізді ауыртты.

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *