Естімейтін такси жүргізушісін балағаттаған жолаушы видеоға түсіп қалды (видео)

Жаңалықтар
view 1696
news

Бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын такси жүргізушісін аузына келген сөздермен балағаттап, телефонын тартып алып кетпекші болған екі ер адамның видеосы тарауда. МурАрт тобының әншісі Кенжебек Тұрсынбайұлы бөліскен видеода екі ер адамның ішімдікке сылқия тойып алып, жарымжан такси жүргізушісін қорлап, анайы сөздер айтқаны көліктегі регистраторға жазылып қалған. 

Естимейтін бала өз күнін өзі көріп жүрсе,мынаның айтып отырған әңгімесін қараңыз! Осы айтқан сөзі үшін өз жазасын беру керек, - деп жазды Кенжебек Тұрсынбайұлы өз жазбасында. 

Әншінің тыңдармандары арасында видео қызу талқыға түсіп, бұзақыларды тез арада ұстап, тиісті жазаларын беру керек деген пікірлер қалдыруда. Бейнежазбадағы тегтерге қарағанда, оқиға Астана қаласында орын алған болуы мүмкін. 

Ескертеміз! Видеода балағат сөздер бар!

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *