Ғарышқа ұшқан қытайлық ғарышкерлер Жерге қайта алмай қалды

Жаңалықтар
view 117
news

Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың «Шэньчжоу-20» ғарыш миссиясына қатысып жатқан 3 ғарышкер орбитадағы төтенше жағдайға байланысты әзірге Жерге қайта алмай отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала деректерге сәйкес, ғарыш кемесінің капсуласы ғарыш кеңістігіндегі қоқыспен соқтығысып, құрылымдық зақым алған.

Қазір экипаж мүшелері – Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе – Қытайдың орбиталық «Тяньгун» станциясында қалып отыр. Мамандар зақымның нақты көлемін анықтап, жөндеу мүмкіндігін зерттеуге кіріскен.

Бұған дейін аталған ғарышкерлер ғарышта 6 айға жуық уақыт өткізіп, ғылыми зерттеулер мен ашық ғарыштағы жұмыстарды орындаған болатын. Енді олар көлік жүйесіндегі ақау толық жойылғанша станцияда болуға мәжбүр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *