Геннадий Головкин 2028 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетіне барды
Фото: ҰОК
Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин жұмыс сапарымен Лос-Анджелестегі (АҚШ) 2028 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетіне барды, – деп хабарлайды janabastau.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, кездесу аясында Ойындарға қатысатын спортшыларға жасалатын жағдайлар, сонымен бірге Қазақстан мен АҚШ арасындағы спорт саласы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Нақтырақ айтқанда, олимпиадалық инфрақұрылым және ұйымдастыру комитеті спортшыларға ұсынып отырған жағдайлар тақырыбына назар аударылды. Қазақстан ҰОК басшысы алдағы Олимпиада ойындары тарихтағы маңызды кезең болатынына және халықаралық спорттық байланыстарды нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
“Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне уақыт бөліп, мультиспорттық оқиғаны өткізуге қатысты өзекті әрі мазмұнды ақпарат ұсынғанына алғыс білдіреміз. Ұйымдастыру комитетіне келгеніміз біздің нәтижелі ынтымақтастық орнатуға дайын екенімізді білдіреді”, – деді Геннадий Головкин.
Пікірлер (0)