Нұрқәділов бір қазан қуырдақты Назарбаевтың басына төңкере салған

Жаңалықтар
view 1253
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Заманбек Нұрқаділов бірі жылдары жайлауға барып ми тынықтырып, бой жазады. Атқа мініп, ет пен қуырдақты армансыз жеп, таудың бал қымызын құмары қанғанша ішіп, жазғытұрым уақытта ойдағыдай өткізіп жатады...

Осы кезде Зәкеңмен көзбе-көз, жүзбе-жүз жүздесу үшін Нұрқәділов демалып жатқан жайлауға Назарбаев тікұшақпен келіп қонады. Оның бұлайша суыт жүруі тегін емес еді. 

Соның алдында ғана Нұрқаділов Назарбаевтың мемлекет байлығын рәсуәлап, талан-таражға салғаны туралы хат жазып, оны баспасөзге жариялап жіберген-тұғын. Экс-президенттің заңсыз активтері туралы алғаш айтқан да осы Зәкең еді... 

Жайлауда жатқан Нұрқәділовпен жұрттың көзінен тыс, қалқада, кең отырып сөйлескісі келген Назарбаев Зәкеңе келесідей ұсыныс айтады. 

"Тап осы сәтте бірнеше миллион долларды банктегі есеп-шотыңа аударып беремін. Тек бір ғана шартым бар, тыныш қана елден кет!", - дейді Әбішұлы. 

Нұрқәділов жетекке жүретін адам ба? Әбішұлының әлгі сөзіне қатты намыстанып, әлгі жерде суи бастаған бір қазан қуырдақты Назарбаевтың төбесіне төңкере салады. 

Президенттің басына тамақ төккенді кім көрген? Ашумен істелген істің соңы айғай-шу, ұрыс-керіске ұласады. Самайынан қуырдақтың майы аққан Назарбаев елдің көзіне түсуден қорқып, тішұшаққа отырып тұра қашады.

Ұнжырғасы түсіп кеткен Нұрқәділов жанындағы көмекішісіне қарайды да: "Нұрсұлтан өте-мөте кекшіл, злопатый адам. Ол мұндайды ұмытпайды. Мұның соңы жақсылыққа әкелмес...", - деп қысқа қайырады.

Көп ұзамай Зәкеңнің өзі-өзіне үш мәрте о.. атқаны туралы ақпарат қалың елді дүр сілкіндіргені белгілі. Репост жасауды ұмытпаңыз! 

Көптілеу Құрманғали

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *