Ер адам әйелін балаларының көзінше өлтірді
Сурет: Ашық дереккөзден
Қарағандыда кәмелетке толмаған екі баланың көзінше бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды janabastau.kz.
Ер адам сот талқылауы барысында кінәсін мойындады. Прокурор оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады. Жәбірленуші тарап сотталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындауды және одан 30 миллион теңге көлемінде азаматтық талап-арыз өндіріп алуды сұрады.
Сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылды. Сонымен қатар орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде 14 жылға бас бостандығынан айырылутүріндегі жаза тағайындалды. Сотталған адамнан жәбірленушінің пайдасына 20 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілу міндеттелді.
Пікірлер (0)