Грек-рим күресінен әлем чемпионы елге оралды
Фотосурет: Туризм және спорт министрлігі
Астана әуежайында халық грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды қарсы алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sportinside.kz-ке сілтеме жасап.
22 қыркүйектен 23 қыркүйекке ауған түні Астана халықаралық әуежайында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен Ұлттық құрама спортшылары, бапкерлері туған еліне оралды.
Спортшыларды қарсы алушылардың қатарында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, спорт жанкүйерлері, әскери оркестр болды.
Айта кетсек, 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуаны Әлішер Ганиевті 1 минутта таза жеңген еді. Ол бұған дейін 2018-2022 жылдары қола жүлде еншілеген болатын.
Ал грек-рим күресінен отандық спорттың тарихына үңілсек, Юрий Мельниченко (2 рет), Мхитар Манукян (2 рет), Бақтияр Байсейітов (1 рет) қана жеңістің ең биік сатысына шыға алған.
Пікірлер (0)