Тоқаев Нью-Йоркте Трамппен келіссөздер жүргізді

Жаңалықтар
view 144
news

Фотосурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жасаған сапары аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында негізгі назар Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты ынтымақтастығының келешегіне аударылды.

Дональд Трамп экономика мен сауда салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары халықаралық жағдайға қатысты өзекті мәселелерді де талқылады.

Еске сала кетсек, жұмыс сапарымен Нью-Йоркте жүрген Қазақстан президенті бұған дейін АҚШ іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізген болатын. Атап айтқанда, ол Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны, Chevron корпорациясының жетекшісі Майкл Уиртті және Meta компаниясының вице-президенті Янн Лекунды қабылдады. Сонымен қатар, президент PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихомен және Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскимен кездесті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *