"Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында қазақстандықтар жоқ": ақпарат құралдары қазақтарды пәкістандықтармен шатастырып алған

Жаңалықтар
view 341
news

Сурет: ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Грекияда орман өртіне әкеп соқтырған отшашуды атқаны үшін ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді,- деп хаьарлайды Janabastau.kz.

Грек ақпарат құралдары яхтаны Пәкістан азаматтары жалға алғанын жазған. 21 маусым күні кешке Грекияның Гидра аралында 13 турист жалдамалы яхтада отшашу ұйымдастырған. Салдарынан қарағайлы орман өртке оранған.

БАҚ демалушылардың өртті сөндіруге әрекеттенгенін, еш нәтиже болмаған соң қашып кеткенін жазған.
Арал мэрі Гиоргос Кукудакис оларды сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді.


“Полицейлер кемеде болғандарды ұстады. Демалушылар Қазақстан азаматтары болып шықты”, – деп жазды грек ақпарат құралдары. 

24 маусымда Сыртқы істер министрлігі ұсталғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

"Қазақстан консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін бірден осы іске қатысты Грекия билігіне хабарласты. Полиция ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін және оларға да ешқандай талап қойылмағанын хабарлады", – деді Айбек Смадияров.


Грекияның News Break басылымының жазуынша, яхтаны Қазақстан азаматтары емес, Пәкістан азаматтары жалға алған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *