Ішкі істер министрі Қосшы полицейлерінің жұмысымен танысты

Редакция таңдауы
view 204
news

27 қазан күні ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі  Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Қосшы қаласында болып,  полиция бөлімінің жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Қосшы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Министр ең алдымен шағын жедел басқару орталығының жұмысын тексеріп, қала қиылыстарын «Сергек» және «Автоураган» қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталуын қадағалады. «Қосшы елордаға жақын орналасқан. Қосшы тұрғындарының көпшілігі Астанада жұмыс істейді. Кез келген құқықбұзушылық туралы жедел хабарлау үшін елордалық ПД-мен тығыз ынтымақтастық пен тұрақты өзара әрекеттестік орнату маңызды», – деді Марат Ахметжанов. Сонымен қатар министр криминалдық полиция, тергеу бөлімінің және жедел-криминалистикалық топ пен анықтау тобының жұмысымен танысты. Полиция бөлімінің қыз- меткерлерімен әңгімелесу барысында министр тергеушілердің жұмысын оңтайландыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Іс-сапар соңында министр Қосшы қаласы ПБ N2 учаскелік полиция пунктінде болып, бөлімше жұмысының тыныс-тіршілігімен танысты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *