Министр Асхат Аймағамбетов Қосшыдағы мектептердің құрылысын көріп қайтты

Редакция таңдауы
view 224
news

28 қазан күні ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен Қосшы қаласында болып,  «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жаңадан салынып жатқан мектеп құрылыстарының жұмысымен танысты. Бұл туралы Қосшы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қалада жобалық 3 036 орынды қамтитын 4 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бірақ оларда 6,8 мың оқушы оқиды. Оқушы орындарының тапшылығы 3,1 мың орынды құрайды. Үш ауысымды оқытуды жою үшін 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Министр Асхат Аймағамбетов салынып жатқан мектептер оқушы орындарының тапшылығына байланысты мәселелерді шешу бойынша өте маңызды әлеуметтік-білім беру функциясын атқаратынын атап өтті. «Қосшыдағы үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіліп жатқанын, жаңа мектептердің құрылыс жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын тексердім. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынатын жаңа мектептердің қайда орналасатынын қарап шықтым. Президенттің тапсырмасы бойынша дайындалған жобаның арқасында оқушы орындарының тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі»  – деді министр өз сөзінде. «Қазір мемлекет қаражаты есебінен қалада 2 мектептің құрылысы жүргізілуде (жалпы орын саны 2400), атап айтқанда: 1200 орындық мектеп («Нұрай» тұрғын үй кешенінің жанында), оның құрылысы 2020 жылы басталған, нысанның құрылысын аяқтау 2022 жылдың соңына жоспарланған. Ал Абай көшесіндегі 1200 орындық мектеп құрылысы 2020 жылы басталған, нысанның құрылысы 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар «Лесная поляна» тұрғын үй кешенінің жанынан жеке инвестиция есебінен биыл 1500 орындық мектептің құрылысы басталды. Нысанның құрылысы 2023 жылдың 3 тоқсанында аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ мемлекет қаражаты есебінен 280 орындық балабақша салынуда («Нұрай» тұрғын үй кешенінің жанынан), оның құрылысы 2020 жылы басталған. Мерзім бойынша құрылыс осы жылдың соңына дейін аяқталуы керек», – делінген мәлімдемеде. Дереккөзге сүйенсек,  «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 2024 жылы тағы үш мектеп салу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, «Сиреневый сад» шағын ауданында 2000 орындық, Баянсұлу көшесінде 1500 орындық және 20-шағын ауданда 2000 орындық мектеп салынбақ. Бұл мектептер жоспар бойынша 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *