ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Жаңалықтар
view 11

фотосурет: дереккөз

Астана. JanaBastau.kz. ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы - домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы Қазақстанның еңбегіне жоғары баға берді. 
 

Ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файездің айтуынша, домбыра - қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәдени құндылығы.

 
«Домбырамен күй тарту өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне кіреді. Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды тарихымен, бүгінімен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстанда домбыраны ерекше дәріптеуді және бұл құндылықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін жасалатын қадамдарды барынша құптайды»,- деді Найеф әл-Файез.
 

Ол сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Қазақстанның ұлттық мұраны сақтау жолындағы бастамаларын жоғары бағалайтынын жеткізді.


 
«ЮНЕСКО Қазақстанның осы бірегей музыкалық мұраны сақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету жолындағы қадамдарын жоғары бағалайды», - деді ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары.

Айта кетейік, қазақтың дәстүрлі күй орындау өнері 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген. Ал 2022 жылы Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде осы тарихи оқиғаның 10 жылдығына арналған мерейтойлық мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
 

Бүгінде домбыра үні ЮНЕСКО қабырғасында жиі шырқалады. Қазақстандық дипломаттардың қатысуымен өтетін мәдени іс-шараларда ұлттық аспаптың үні тұрақты түрде естіліп, шетелдік көрерменнің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып келеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *